Колледжімізде 03-12 мамыр аралығында Орман және агрожер пәндеріЦӘБ-нің «Жер Ана - ортақ үйіміз, табиғат-тылсым жұмбағы, Табиғатыңды тарту ет, аман бол Жердің құндағы!»тақырыбында апталық болып өтті.
Апталықтың мақсаты: білім алушылардың мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру,теориялық білімдерін практикада қолдануға дағды қалыптастыру.
Апталық аясында арнайы пәндер бойынша ашық сабақтар, шебер класс және сабақтан тыс іс-шаралар мен экологиялық квест ойыны өткізілді.
Өткізілген ашық сабақтар:
1. «Аралас түсірілім туралы түсінік», Куспанова Ш.Г., 211 ЖО.
2. «Ауылшаруашылық зиянкестері. Зиянкестердің негізгі топтарына шолу. Ауылшаруашылық бунақденелілердің сыртқы құрылысы», Асқар А.А., 301. АГР
3. «Тіршілік орта ретіндегі су ортасы», Тулегенова С.К.,111 ЖО.
4. «Қазақстанның топырақ типтері», Ещанова Г.Ж., 111 ЖО.
Арнайы пән оқытушысы Г.КДосжан 111 ЖО тобында «Геодезиялық аспапты жұмысқа дайындау» тақырыбында шебер класс өткізді.
Ал Д.Н Тауасова, Б.ТСултанбековалар 1-3курс студенттері арасында «Табиғатпен дос болайық» атты экологиялық квест ойынын өткізді.
Қатысушы топтар өздерінің ұшқыр ойларын ортаға сала отырып, адамзат қоғамына аса қажетті тың ойларын ұсынды. Қорытынды жасалып, жеңімпаз топтар анықталды. Соңында оқушылардың барлығы сайыс жайлы жылы лебіздерін білдірдіріп кері байланыс жасалды.