Жатақхана

Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің жатакханасында студенттерге ыңғайлы және жайлы болуы үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Жатақхана К.Нокин ауылы Көкшетау көшесі 2 мекен жайында орналасқан. Бұл жақта оқу залы, студенттер кабинеті, акт залы, электр плиталары мен тоңазытқыштары бар тұрмыстық техникалық бөлме, сондай-ақ санитарлық мақсаттағы бөлмелер (жуу, кептіру және үтіктеу), екі жуынатын бөлме (ерлер мен әйелдер үшін бөлек) бар. Сонымен қатар, студенттердің қауіпсіздігі мен бақылауын қамтамасыз ету үшін ең жаңа технологиялар қолданылады: бейнебақылау камерасы және турникет.

Студенттер үйі WI-FI желісімен қамтамасыз етілген, ситуациялық орталықтың көмегімен бейнекамералар тікелей байланыста жүзеге асырылады. Студенттер үйі 320 адамға арналған.