• Басты бет
  • /
  • «Жаңашыл жас маман- 2023» облыстық кәсіби байқауы
«Жаңашыл жас маман- 2023» облыстық кәсіби байқауы

2023 жылдың 21 қарашасы күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасындағы «Жаңашыл жас маман-2023» кәсіптік байқауы өтті.

Аталған байқауға колледжімізден «Агрономия» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Асқар Айнұр Асқарқызы қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды:

  1. «Менің еңбек жолым және педагогикалық жетістіктерім» таныстыру бейнебаяны;
  2. «Мен мақтан ететін сабақ» понорамалық сабақ;
  3. «Жас маманның педагогикалық идеясы» педагогикалық жобасы

Байқау нәтиежесінде Асқар Айнұр Асқарқызы жүлделі 2-орынды иемденіп, дипломмен марапатталды. Жеңімпазымызды құттықтай отырып, шығармашылық табыс, болашақта жарқын жеңістер тілейміз!