Сәуір айының 12 - жұлдызында Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде Орынбор мемлекеттік аграрлық университеттің профессорларымен кездесу өтті.
Екі оқу орны арасындағы ынтымақтастық келісімге сәйкес колледж оқытушыларын әдістемелік қолдау мақсатында Ресейлік оқу орнының оқытушылары дәрістер мен шебер класстар өткізді. Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінің «Ветеринария» факультетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Марат Султанович Сеитов «Жануарларды физиотерапиялық емдеу әдістері»тақырыбында дәріс оқыды. «Агрономия» факультетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Равел Шайкулович Шагапов колледж дендробағында «Селекциялық және телу әдістері арқылы сәндік көгалдандыру» тақырыбында құнды ақпаратқа толы шебер класс өткізді. Ынтымақтастық меморандум аясында өткізілген шаралар аграрлық саланың мамандарын дайындауда екі оқу орнының мақсат- мүддесі ортақ екендігін көрсетті.