Ынтымақтастық меморандумы

Колледжміздің стратегиялық бағыттарының бірі жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс жасап, жұмыс жүргізу. Ақпан айының 7 - жұлдызында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетімен келісілген ынтымақтастық меморандум аясында екі оқу орыны серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған отырыс өткізді.

Отырыс барысында ортақ мақсатты көздейтін бірнеше жоспарлар мен жобалар талқыланды.

Меморандумды жасау нәтижесінде университетпен ынтымақтастық жолымен ғылыми семинарларды, конференциялар мен вебинарларды бірлесіп ұйымдастыру және оқытушыларға біліктіліктерін арттыру курстарын ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылатын болады.