• Басты бет
  • /
  • WorldSkills стандарты аясында демоемтихан
WorldSkills стандарты аясында демоемтихан

4S08410105 «Ветеринарлық техник» біліктілігі бойынша демонстрациялық емтихан өтті.

Студенттер демонстрациялық емтихан барысында өздерінің алған білімдерін 3 модуль бойынша саралады .

Модуль А. Ірі қара мен ұсақ малдардан қан алу.

Қан алу барысында жеке бас гигиенасын және қауіпсіздік техника ережелерін сақтай отырып, ірі қара мен ұсақ малдын күре тамырынан және құйрық омыртқа тамырынан қан алу әдістерін көрсету, шапшаңдылығы мен таза жұмыс жасау реттілігі арқылы бағаланды.

Модуль В. Дәрілік заттарды мал ағзасына енгізу жолдары.

Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, дәрілік препараттарды жануар ағзаларына, яғни тері астына, тері ішіне, бұлшық етке, күре тамырына және жараға дәрі жағу, шашу, сүрту, себу жұмыстарының орындау реттілігі анықтау арқылы колледж түлегінің біліктілігі бағаланды.

Модуль С. Ауылшаруашылық малдарымен құстарды клиникалық зерттеу.

Малдарды тексеру кезінде жеке бас гигиенасын және қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, дене қызуын өлшеу, тамыр соғу жиілігін анықтау, жүрек тондарын тындау, өкпені тындау, көздің, ауыздың, танаудың кілегей қабықтарын тексеру, мес қарын жиырылуын анықтау барысында, құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануы бағаланды.

Модульдер аяқталғаннан кейін сараптама жұмыстарын жүргізу комиссия мүшелері тапсырмалардың дұрыс және нақты орындалуын, жұмыстың технологиялық әдіс-тәсілдерін, орындалу уақыты мен реттілігін, жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын бақылай отырып бағалады.