WorldSkills
WorldSkills - бұл жұмысшы мамандықтардың беделін көтеруге және шеберлік дағдыларын дамытуға арналған халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. WorldSkills қозғалысы, оның ішінде EuroSkills, жастарды жұмысшы мамандығын игеруге баулиды және еліміздің жас мамандарына әлемдік аренада өздерінің кәсіби шеберліктері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.
WorldSkills Kazakhstan миссиясы - кәсіптік бағдар беру, кадрларды даярлау, сарапшылар қоғамдастығын құру және еңбек өнімділігін арттыру тетіктерін қоса алғанда, халықаралық стандарттарға негізделген техникалық мамандықтар бойынша жоғары технологиялық өндірістерді кадрлармен қамтамасыз ету.
2021-22 оқу жылдарында «Агрономия», «Ауылшаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету», «Ветеринария», «Ландшафты дизайн» құзыреттіліктері бойынша алғаш рет колледж базасында өңірлік чемпионат өткізді. Аймақтық чемпионатта колледж студенттері төмендегідей нәтиже көрсетті:
- «Агрономия» - Сайлаубек А.-1 дәрежелі диплом, жетекшісі Мырзабекова А.Н.
- «Ауылшаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету» - Тынымжан А.А.-1 дәрежелі диплом, жетекшісі Ешбаева Б.
- «Ветеринария» - Жұбатов Қ.-1 дәрежелі диплом, жетекшісі Куанов Д.С. Бектурганов Е.-3 дәрежелі диплом, жетекшісі Мырзатаева Б.М.
- «Ланшафтық дизайн»-Ырзабаев Б.М.-1 дәрежелі диплом, жетекшісі Тауасова Д.Н.
2022-23 оқу жылында аймақтық чемпионат Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 29 құзыреттілік бойынша колледж аумағында өткізілді.
Колледж студенттері 10 құзыреттілік бойынша бақ сынасып, 4 студентіміз 1 дәрежелі диплом, 2 студентіміз 2-дәрежелі диплом иегерлері, 3 студентіміз «Кәсіби маман» номинациясын иеленді.
- «Агрономия» - Жолдас І.-1 дәрежелі диплом, жетекшісі Хамитов Д.Б.
- «Зоотехния» - Саматұлы Б.- 1 дәрежелі диплом, жетекшісі Есеркепов А.Е.; Абылғазы Р.-2-дәрежелі диплом, жетекшісі Тасымбай Ж.К.
- «Ауылшаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету» - Ұлұқпан Н.А.-2 дәрежелі диплом, жетекшісі Аманбаев А.О.
- «Ветеринария» - Ермекбай Н.Б. 1 дәрежелі диплом, жетекшісі Куанов Д.С.
- «Ланшафтық дизайн»-Ырзабаев Б.М.; Қалданова Ж.Ж.-1 дәрежелі диплом, жетекшісі Тауасова Д.Н.
- «Геодезия» - Жүгінісов Н.- 2 дәрежелі диплом, жетекшісі Досжан Г.К.
- «Флористика» - Тұржігітұлы Ғ. «Кәсіби маман» номинациясы, жетекшісі Султанбекова Б.Т.
- «Аспаздық ісі» - Тюренков Р. «Кәсіби маман» номинациясы, жетекшісі Омарова В.У.
- «Наубайхана ісі» - Қанғазина Г. «Кәсіби маман» номинациясы, жетекшісі Қали Ұ.