• Басты бет
  • /
  • “Виртуалды платформаларды тиімді қолдану - табысты оқытудың нәтижесі”
“Виртуалды платформаларды тиімді қолдану - табысты оқытудың нәтижесі”

Колледжімізде 25 қаңтар күні әдістемелік апталық аясында «Технологиялық, экономикалық және стандарттау» пәндерінің циклдық-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен “Виртуалды платформаларды тиімді қолдану - табысты оқытудың нәтижесі” тақырыбында шебер-класс өткізілді.

Шебер - кластың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және тақырыпты оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында өз тәжірибеміздегі белсенді оқыту құралдарын пайдаланудың жолдарын бөлісу, шебер – сыныпқа қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету,үйренушілердің қызығушылығын тудыру.

Шебер класта ЦӘБ жетекшісі В.У.Омарова «Quizizz», «FIippity» онлайн сервистерімен, арнайы пән оқытушылары Б.С.Босназарова мен Г.С.Ідіріс «Wordwall», «Еducaplay», «Canva» программаларының жұмыс жасау мүмкіндіктерімен таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.