• Басты бет
  • /
  • “Техникалык және кәсіптік білім беру ісінің үздігі”
“Техникалык және кәсіптік білім беру ісінің үздігі”

Астанада техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және стратегиялық міндеттер» тақырыбында республикалық форум өтті.

Форумға колледж директорлары мен олардың орынбасарлары, білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Форум соңында үздік мамандар ведомстволық наградалармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Салтанатты шарада колледжіміздің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары МукановаАлтынгүл Утегеновна “Техникалык және кәсіптік білім беру ісінің үздігі” құрмет дипломымен марапатталды.

Білім беру саласындағы еңбегіңіз еленіп, биіктерден көріне беріңіз. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!