• Басты бет
  • /
  • Тәжірибелік-зертханалық сабақтардың ерекшеліктері
Тәжірибелік-зертханалық сабақтардың ерекшеліктері

11-қазан күні «Жас мамандар» мектебінің жоспарына сәйкес әдістемелік семинар болып өтті.

«Тәжірибелік-зертханалық сабақтардың ерекшеліктері» тақырыбындағы әдістемелік семинар өткізудің мақсаты: жас мамандарға тәжірибелік сабақтардың құрылымымен, әдістемелерімен және оларға қойылатын талаптармен таныстыру.

Іс-шараны әдіскер Г.С.Изтаева ашып, семинардың мақсатына тоқталды.

Семинар аясында әдіскер Н.Ж.Тілеубергенова «Тәжірибелік-зертханалық сабақтардың ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндама жасап, жас мамандарға тәжірибелік сабақтардың құрылымымен, әдістемелерімен, оларға қойылатын талаптармен және ерекшеліктерімен таныстырды.

Содай-ақ жас мамандардың өздеріне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында «Мен қандай тұлғамын?», «Сөз тапқанға қолқа жоқ» атты психологиялық тренингтер өткізілді.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өз көзқарастарын білдіріп, тәжірибелі ұстаздардан үйренетіндерінің көп екенін, өткізіліп отырған семинардың берері мол екенін атап өтті.