Тәрбие жұмысы

Сергіту сәті

Сергіту сәті – бұл физикалық жаттығулардың шағын жиынтығы, сондықтан оларды орындау кезінде түрлі бұлшықет топтары қамтылады.

Сергіту сәті – білім алушылардың ұзақ монотонды позасынан туындаған статикалық кернеуді жеңілдету мақсатында сергіту сәті жаттығуларын өткізуге арналған сабақ процесіндегі қысқа мерзімді үзілістер.
Олардың мақсаты – шаршаудың алдын алу, ақыл-ой қабілетін қалпына
келтіру, дене бітімі бұзылуының алдын алу.
Осы орайда колледжіміздің дене тәрбиесі оқытушылары білім алушылармен бірге«Сергіту сәті» челленджін ұйымдастырды.

Оқу жылының басында Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.К.Тулегенова бөлім жетекшілері және колледж инспекторларымен бірге жатақхана студенттеріне жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерінің түрлерімен таныстыру және жатақхана тәртібі,сабақтан себепсіз қалмау туралы ақпараттық түсіндірмелік жұмыстарын жүргізді.

07.09.2023 күні Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің жатақхасында орналасқан 1-4 курс студенттерімен Алматы ауданы N4 қалалық полиция бөлімінің басшылары және Полиция Департаментінің “Ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасы, ”Есірткі бизнесіне қарсы басқарма бастығы”, “Экстремизмге қарсы басқарма бастығы”, сонымен қатар жергілікті полиция бөлімшесінен атынан полицейлер “Алаяққа алданбау”, ”Бопсалау”, “Есірткіге жол жоқ”- сынды бірқатар тақыраптарға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп , қосымша сұрақтарға жауап берді.

12.09.2023 күні Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Нұрғалиев Елеусіз, “Ules” жобасының үйлестірушісі,Алматы студенттер Альянсы жобалар жетекшісі:Тіленшиева Шырын Мұратқызы және Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:Сисен Нысанбай Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Актөбе облысы бойынша департамент басқармасының бас маманы:Бирдагалеева Гүлмира Шалғынбекқызы. “Таланттар пулы” мемлекеттік қызмет мектебіне түсу шарттары туралы,көптеген Мемлекеттік бағдарламалар жобаларды түсіндіріп,колледж білім алушыларына тиімді кеңес берді.

Білім алушылар өздернің қызықтарған сұрақтарына жауаптарын алды.

Білім беру ұйымдарында алаяқтыққа қарсы күрес туралы түсіндірмелі жұмыстары аясында,
Білім беру ұйымдарында жұмысқа орналастыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу мақсатында жұмысқа қабылдау тәртібі туралы ережелерді түсіндіру бойынша жұмыскерлер арасында түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Тәрбие бағдарламасы.pdf