• Басты бет
  • /
  • Тапқырлар мен білгерлер интеллектуалды ойыны
Тапқырлар мен білгерлер интеллектуалды ойыны

Қысқы каникул кезінде директордың оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.А.Турмаганбетова колледждің жас мамандары арасында «Түскі шайдағы тапқырлар мен білгірлер сайысы «деген тақырыпта интеллектуалдық - танымдық сайыс өткізді.

Шара мақсаты: Қатысушылардың дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт - дәстүрін, әдеп - ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Сайыс барысында жас оқытушылар «Логика әлемінде», «Эрудит шыңы», «Қызық екен»деп аталатын үш тур бойынша дүниетанымдық пайымдауларын , логикалық ойлау шеберліктерін, білімділіктерін сынға салды.