• Басты бет
  • /
  • «Ш.Берсиев – Қазақ елінің еңбек паспорты» тақырыбында гуманитарлық және жаратылыстану пәндері апталығы
«Ш.Берсиев – Қазақ елінің еңбек паспорты» тақырыбында гуманитарлық және жаратылыстану пәндері апталығы

13-17 наурыз аралығында жалпы білім беру апталығының «Ш.Берсиев – Қазақ елінің еңбек паспорты» тақырыбындағы апталығы болып өтті.

Апталықтың мақсаты жалпы білім беру пәндері бойынша сабақтарда және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың замануи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

13 наурыз күні “Шығанақ Берсиев-қазақ елінің еңбек паспорты” атты гуманитарлық және жаратылыстану пәндері ЦӘБ апталығының ашылуы өтті. Қазақы айқыштармен көмкерілген, салт - дәстүрге бейімделген 4-этаж фойесінде қазақтың батыс дәстүріне сәйкес көрісу дәстүріне сәйкес келген апталығымыздың ашылуында білім алушыларға арналған ұлттық тағамдардан дастархан жайылды. Шара барысында Қанбаева А.С. Шығанақ атамыздың өмірі мен қызметіне, Оспанова РА. “Шығанаққа арнау” оқыса, Отар А. Т. бата берсе, Уразова А. К. ұлттық тағамдарға тоқталды. Ешимова Ж.Д. Шығанақ атамыздың өмірі мен қызметіне байланысты викторина өткізіп, тәтті сыйлықтар таратылды.

13 наурызында 103 ветеринария тобында Дүние жүзі тарихы пәнінен тарих және география оқытушысы Уразова Айнаш Кулановна “Адамның пайда болу теориялары” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сыни ойлау технологиясы әдістерін қолданған оқытушы сабағы қызықты және танымды өтті, оқушылар сабаққа белсенді қатысты.

14 наурызында 103 ветеринария тобында химия пәнінің оқытушысы Темирбаева Алтынай Сапаргалиевна "Алкадиендер. Алкиндер. Бензол" тақырыбында ашық сабағын өткізді. Алтынай Сапаргалиевнаның Wordwall платформасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып өткізген сабағы білім алушылардың танымдық белсенділігін, қызығушылықтарын арттырды.

15 наурызында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қанбаева А.С. қазақ әдебиеті пәнінен «Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жаңа білім беру технологиялары мен интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану білім алушылардың сабаққа белсенді қатысуына әсерін тигізді. Топтық, жұптық жұмыстар білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін арттырды.