• Басты бет
  • /
  • «Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»
«Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»

Технологиялық және экономикалық пәндерінің циклдық бірлестік әдістемелігінің «Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты онкүндік туры ашылды.

Автор: Жанслу Сериковна

Ағымдағы жылдың 20-шы қараша күні Технологиялық және экономикалық пәндерінің циклдық әдістемелік бірлестігінің “Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт” тақырыбындағы онкүндігінің ашылуы өтті.Бірінші тур Ақтөбе-Астана бағытына отырғызу басталды. Шараның ашылу салтанатында қазақ ұлтының ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлері дәріптелді. Әжелер ансамблі қазақ әндерімен шараның көркін аша түсті.

Технологиялық және экономикалық пәндерінің циклдық бірлестік әдістемелігінің «Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты онкүндігінің екінші күні .

Ағымдағы жылдың 21-шы қараша күні Технологиялық және экономикалық пәндерінің циклдық әдістемелік бірлестігінің “Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт” тақырыбындағы онкүндігінің екінші туры Астана-Ташкент бағытына отырғызу басталды. Шараның ашылу салтанатында өзбек ұлтының ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлері дәріптелді. Турдың мақсатыБілім алушыларды өзге ұлттың мәдениетін құрметтей білуге тәрбиелеу, татулық пен ынтымақтастыққа баулу, салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдарымен таныстыру, тағамдарды жасалу ерекшеліктерін меңгерту.

«Шығайық білім шыңына» интеллектуалдық сайыс.

Шараның мақсаты: студенттерге оқу танымдық тәрбие беру. Сайыста шапшаң ойындар ойнату арқылы олардың қызығушылықтарын ояту, жылдамдықтарын арттыру. Ойларын жүйелі, еркін, шапшаң жеткізе білуге дағдыландыру. Топтық жұмыс істеуге, достық қарым-қатынасқа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Технологиялық және экономикалық пәндерінің циклдық бірлестік әдістемелігінің «Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты онкүндігінің үшінші күні.

Автор: Жанслу Сериковна

Ағымдағы жылдың 22-ші қараша күні Технологиялық және экономикалық пәндерінің циклдық әдістемелік бірлестігінің “Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт” тақырыбындағы онкүндігі аясында Ташкент-Мәскеу бағытындағы Берсиев әуелайнері Мәскеу қаласына келіп қонды.

Турдың мақсаты: Білім алушыларды өзге ұлттың мәдениетін құрметтей білуге тәрбиелеу, татулық пен ынтымақтастыққа баулу, салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдарымен таныстыру, тағамдарды жасалу ерекшеліктерін меңгерту

«Аспаз – тек қазан мен шөміс емес, ол махаббат пен өнер» шебер класс.

Шебер класс мақсаты: теориялық білімге сүйене отырып, оқушыларға бәліш жасауды және торттарды безендіруді үйрету

- оқушылардың білімін жалпылау, тереңдету, жүйелеу;

- торттарды безендіру кезінде оқушылардың практикалық іс-әрекетінің шеберлігі мен дағдыларын жетілдіру.