Колледждің әлеуметтік-психологиялық қызметі
Құрметті студенттер!
Кейде кез-келген адам оны тыңдап, түсінгенін, кеңестер бергенін, оның ойларына, сезімдеріне ерік беріп, өздеріне үлкен қолдау мен кеңесті қажет еткенін қалайды.. Бойымыздағы сан түрлі эмоцияларымызды сыртқа шығарып, ойымызды тазартқымыз келеді.
Сондықтан ата-ана, оқытушы, дос-жақындарыңмен сырласып, ол сәтте де сені ешкім түсінбейтін кездер болса қадірлі жас студенттер, достар әрдайым біз сіздер үшін қолдау көмек беріп қашанда жандарыңыздан табыла білеміз! Өмір сен үшін-қайталанбас уақыт! Жалынды жастық шақты бағалай, алтын бағалы уақытты қадірлей білейік студенттер!!!
«Темперамент формуласы» тесті
Колледжіміздің әлеуметтік педагогы Ж.Балуанғалиева мен психолог
Г.Нұртаеваның бірлесе ұйымдастыруымен І курс студенттері арасында А. Беловтың «Темперамент формуласы» тесті жүргізілді.
Әлеуметтік педагогтың жұмыс барысы
Жетім және ата-анасының қамкорлығынсыз қалган білім алушылардың құжаттарымен танысып, кеңес беру.
“Эмоция және сезім”
Колледж психологы Гүлбақыт Нұртайқызы бірінші және екінші курс студенттерімен “Эмоция және сезім” тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг мақсаты: Эмоция мен сезімдерді қалай басқаруға болатынын үйрету.Студенттердің көңіл күйін көтеру,жақсы қарым-қатынас орнату.
Білім алушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.
Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу;
Шара барысында білім алушылардың көзқарастарын біліп, түрлі сұрақтар қойылып,. жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды.
Буллингпен қоса жүретін Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі.
Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тілтигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдану шарттары айтылып, достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында лабиринттік ойыны ойнатылды.
Ұйымдастырушылар: Колледжіміздің жастар ісі комитеті: Г.Айтқазықызы Колледж психологы: Г.Нуртаева