«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер Республикалық конкурсының аймақтық кезеңі болып өтті.
Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер Республикалық конкурсының аймақтық кезеңі қорытындыланып, байқауға қатысқан арнайы пән оқытушылары Г.Досжан, Б.Босназарова және А.Асқар 3 қараша күні өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты. Конкурстың аймақтық кезеңінің қорытындысы бойынша Досжан Гулсезим Каламгаликызы «Азаматтық-құқықтық сауаттылық» аталымында жүлделі І орынға ие болғаны үшін дипломмен және Түркістан қаласына тарихи-танымдық саяхатқа бару сертификатымен марапатталды. Босназарова Балжан Саматовна және Асқар Айнұр Асқарқызы байқауға қатысқаны үшін сертификаттарға және бағалы сыйлықтарға ие болды. Колледж ұстаздарын марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Байқаудың Республикалық кезеңінде бақ сынайтын Гүлсезім Каламгаликызына сәттілік тілейміз!