• Басты бет
  • /
  • «Өнертабысқа алғашқы қадам» облыстық кәсіби байқауы
«Өнертабысқа алғашқы қадам» облыстық кәсіби байқауы

Қараша айының 30-жұлдызында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған «Өнертабысқа алғашқы қадам» облыстық кәсіби байқауы болып өтті.

Аталған байқауда «Ветеринария» мамандығының 2-курс білім алушысы Бақыт Жантілеу Анарбекұлы өз бағын сынап келді. Бақыттың озық ойын байқап , жобаға дайындаған арнайы пән оқытушысы Б.М.Мырзатева. Бақыт байқауға «Үй жағдайында инкубатор құрылғысын дайындау» тақырыбында өз жобасын ұсынды. Байқау екі кезеңнен тұрды: 1-кезең «Менің өнертабысқа алғашқы қадамым» визиттік таныстыру. 2-кезең. Жоба қорғау. Сайыс нәтижесінде Бақыт Жантілеу жүлделі 2-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпазымызды құттықтап, алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруге тілектеспіз.