Колледжімізде 2022 жылдың 31 қазан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірге ұйымдастырған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ауыл шаруашылығы саласының мамандарына арналған «Оқытудың заманауи формалары мен әдістері: ізденістер мен шешімдер» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты - білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы ауыл шаруашылығы саласы мамандарының кәсіби құзіреттіліктері мен әдістемелік шеберліктерін жетілдіру болып табылады. Семинарға техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Семинар барысында арнайы пән оқытушылары Г.Қ. Досжан «Шаруа қожалығының жер пайдалануын жобалау» тақырыбында , Ж.С.Шакарбекова «Сүт өнімі : қаймақтың сапасын анықтау» тақырыбында,Д.С. Қуанов, Т.А.Сәтімов«Малға клиникалық диагностика жүргізу» тақырыбында ,Б.С.Босназарова, А. А Аскатовна «Ет өнімдерінен жартылай дайын өнімдер дайындау технологиясы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Сондай- ақ арнайы пән оқытушылары А.А.Тажибаев және Ә.О.Аманбаевтар«Жас маман» жобасы аясында алынған құрал-жабдықтарды қолдана отырып «Тренажер-имитаторды қолдану арқылы топырақты виртуалды өңдеу» және «Зоотехния» мамандығы бойыншаарнайы пән оқытушысыА.Е.Есеркепов «Қойға жеке бас нөмірін енгізу»тақырыбында шебер-кластар өткізді.
Семинарда колледж әдіскерлері Н.Ж.Тілеубергенова«Білім алушылардың танымдық белсенділігін дамытудың жаңа технологиялары» тақырыбында және Г.С.Изтаева «Виртуалды платформаларды сабақта қолдану - оқушы белсенділігін арттырудың тәсілі»атты шебер-кластар өткізіп өз тәжірибелерімеен бөлісті.
Семинар соңында әріптестер өз ойларымен бөлісіп, жақсы тілек-лебіздерін білдірді