• Басты бет
  • /
  • «Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін сабаққа енгізудің жолдары»
«Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін сабаққа енгізудің жолдары»

10-қаңтар күні педагогикалық шеберлік мектебінің жоспарына сәйкес «Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін сабаққа енгізудің жолдары» тақырыбында әдістемелік семинар болды.

Семинар мақсаты: Педагогтерінің кәсіби өсуі мен педагогикалық шеберлігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу арқылы жаңашылдыққа серпін беру; педагогикалық қызметке деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру; педагогикалық шеберліктерін шыңдау.

Семинар колледжіміздің психолог маманы Нұртаева Гүлбақыт Нұртайқызы оқытушыларға тренинг өткізумен басталды. Семинарға жалпы білім беру пәндері оқытушылары Лесова З.З, Темірбаева А.С, Оспанова Р.А және арнайы пән оқытушысы Қабдолова А.М өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда оқытудың біршама әдістері көрсетіліп, педагогтер белсене араласты.