«Облыстық жастар сыйлығы-2023»

Ақтөбе облыс әкімі А.Б.Шахаровтың қатысуымен «Облыстық жастар сыйлығы-2023» салтанатты шарасы өткізілді. Салтанатты шарада оқу ордамыздың «Берсиев еріктілері» 5 желтоқсан Халықаралық волонтерлар күніне «ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛЫҚ ТОП» атанып, облыс әкімі атынан алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды. Волонтерлыққа үлес қосып, қайырымдылық шараларға ат салысқан волонтер оқытуышылар мен білім алушыларға алғыс білдіреміз.

Топ жетекшісі: Гүлназ Айтқазықызы.