• Басты бет
  • /
  • “Менің әдістемелік шеберханам” атты шебер класс
“Менің әдістемелік шеберханам” атты шебер класс

“Менің әдістемелік шеберханам” атты шебер класс

Автор: Изтаева Г.

Ағымдағы жылдың 27-ші қараша күні Технологиялық және экономикалық пәндерінің циклдық әдістемелік бірлестігінің “Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт” тақырыбындағы онкүндігі аясында әдіскер Изтаева Г.С және Шакарбекова Ж.С ұйымдастыруымен педагогтерге арналған “Менің әдістемелік шеберханам” атты шебер- класс өткізді.

Шебер- класс мақсаты:
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында белсенді оқыту құралдарын пайдаланудың жолдарымен бөлісу, шебер класқа қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету, үйренушілердің қызығушылығын тудыру.

Шебер класта Г.С.Изтаева «Slidesmania», «slideshare», «prezi” , «Renderforest» платформаларымен презентация жасау жолдары мен мүмкіндіктерін көрсетсе, Ж.С.Шакарбекова «flippity», «quizwhizzer», «narakeet» платформаларын қолдану жөнінде мәліметтер берді.

Шебер-класс әріптестердің жылы лебізімен аяқталды.