• Басты бет
  • /
  • Мекеме басшылары колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, болашақта білікті мамандарды даярлау бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға келісім жасалынды.
Мекеме басшылары колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, болашақта білікті мамандарды даярлау бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға келісім жасалынды.

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ басшысы Сембай А.Қ., басшы орынбасары Бекжанов Б.З., «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» басшысының орынбасары Абтиев А.С., Ақтөбе қалалық ветеринария станциясының басшысы Тұрымов А.Т., «Пригородный» ЖШС бас агрономы Ерменов Ғ.Қ. колледжіміздің бітіруші түлектерімен кездесті. Кездесу барысында аграрлық және ветеринария саласындағы соңғы жаңалықтармен бөлісіп, саладағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат берілді. Мекеме басшылары колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, болашақта білікті мамандарды даярлау бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға келісім жасалынды.