Медпункт

Медициналық пункт білім беру ұйымдарында өткізілетін барлық медициналық іс-шараларға белсенді қатысады және толық жауапты болады, жаңадан оқуға түсетін талапкерлерден 063-нысанның (профилактикалық екпелер картасы) және 075-нысанның/у медициналық анықтаманың болуын талап етеді.

Профилактикалық егулердің жоспарын жасайды;

Жастар арасында салауатты өмір салтының негіздерін насихаттауды, темекі шегудің, алкогольді, есірткіні және басқа да психоактивті заттарды қолданудың, олардың физикалық белсенділігін арттырудың алдын алу шараларын жүзеге асыруды жүргізеді. АИТВ/ЖИТС, тері-венерологиялық және басқа да инфекциялық-паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді.

Колледж студенттері мен қызметкерлері арасында жыл сайынғы жоспарлы медициналық тексерулер, флюорографиялық уақытылы өткізіп отыру.

Медициналық пункттің мақсатты жұмысы студенттердің денсаулығын сақтау бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.