• Басты бет
  • /
  • “ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП” ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ АЯСЫНДА ҚАЛА ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
“ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП” ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ АЯСЫНДА ҚАЛА ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Автор: Тулегенова С.

22 қараша күні Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінде “ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП” жедел алдын-алу іс-шарасы аясында “ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ МІНДЕТ” тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

Кездесуге Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Қожабеков, #4 ҚПБ ЖПҚБ басшысы Нұрдаулет Айтбеков, #4 ҚПБ ЖПҚБ басшысы орынбасары полиция капитаны Нұрлан Жайлаубаев, #4 ҚПБ ЖПҚБ УПИ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Адаев Аслан және Облыстық білім басқармасының ТжКББ бөлімінің әдіскері Багдагул Нурмолдина қатысып, жастарға құқықтық көмек көрсетті.

Кездесу қала жастарына құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу мақсатында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді.