“Korean street food” шебер класс

Ағымдағы жылдың 28-ші қараша күні Технологиялық және экономикалық пәндерінің циклдық әдістемелік бірлестігінің “Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт” тақырыбындағы онкүндігі аясында арнайы пәндер оқытушылары Босназарова Б.С және Қансұлтан А.Т ұйымдастыруымен “Korean street food” атты шебер класс өтті.

Мақсаты: Білім алушыларға суши дайындау технологиясын меңгерту, ізденушілікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, еңбек сүйгіштікке, тағам дайындауға қызығушылықтарын арттыру.