Колледж тарихы

Қазақ КСР-і Ауыл шаруашылық Министрлігі мен Білім министрлігінің 1977 жылғы 18 шілдедегі бұйрығы бойынша Ақтөбе ауылшаруашылық техникумы Ақтөбе қаласы аумағында Новостепановка селосында құрылды. Ақтөбе қаласының әкімінің 18 қаңтар 1999 жылғы 1 шешімімен облыстық білім басқармасының 14 қаңтар 1999 жылғы 12 бұйрығымен колледж «Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі» мемлекеттік кәсіпорны болды.

Ауыл шаруашылығы техникумының іргетасы 1975 жылы қаланып, 1977 жылы қолдануға берілді. 1-2 қабатта 14 оқу кабинеті мен 11 оқу зертханасында 4 топтың 120 оқушысы білім алды. Алғашында 3-4 қабатта оқушылар мен оқытушылар тұрды. Ең алғаш ашылған мамандықтар- «Ауыл шаруашылығын механикаландыру және Агрономия» болды. 1982 жылы «Ауыл шаруашылығын электрлендіру» және 1991 жылы «Сүт және сүтті өнімдер технологиясы» мамандықтары білім алушыларды қабылдады. 1996 жылы техникумға Темір техникумы қосылғаннан кейін, «Ветеринария» мамандығы өз жұмысын жүргізді.

Соңғы 40 жылда колледж Ақтөбе облысының мыңдаған ауыл шаруашылығы мамандарын дайындады. Бұл ауыл шаруашылығының нағыз мамандарының шеберханасы деп айта аламыз.

Колледж директорлары:

1977-1984 ж.ж. Гавриш Владимир Мефодьевич

1985-1988 ж.ж. Войлик Алексей Федорович

1988-1989 ж.ж. Власов Владимир Кириллович

1988-2011ж.ж, Друзьяк Владимир Григорьевич

2011-2012 ж.ж. Кудайбергенов Амангелді Ахатұлы

2012-2021ж.ж. Есеркепов Амангелді Қабашұлы

2022 жылдан бастап Алдияров Қасымбек Төлеуұлы басқарады.

Орындаушы: Турмагамбетова Ә.А.