Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің кітапханасының жұмысы колледждің құрылған күнінен бастап ұйымдастырылған. Кітапхана жұмысының негізгі мақсаты – колледждің оқу процесінде кітапхананың оқу қорын және ақпараттық ресурстарды жинақтауды, сақтауды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Колледж кітапханасы ғимараттың 1-қабатында орналасқан жалпы аумағы 355 ш. м. құрайды. Кітапты сақтау алаңы – 30 ш. м. Оқу залында орын саны-50.
Колледж кітапханасы анықтамалық және электрондық оқулықтармен, кәсіптік және арнайы пәндерге арналған әдістемелік құралдармен, сондай-ақ 10 және 11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін оқулықтармен жабдықталған. Қызметкерлерге арналған 3 компьютер және Ғаламторға қосылған 1 интерактивті панель бар. Ғаламтор ресурстарын ыңғайлы пайдалану үшін Wi-Fi аймағы жұмыс істейді.Кітапхана қоры колледждің бағыт-бағдарына сәйкес барлық мамандықтардың оқу жоспарлары, оқытушылардың әдебиетке жазған өтінімдері негізінде, сонымен қатар оқырман сұраныстарын ескере отырып жинақталады. Студенттер мен оқытушылардың оқу залында ғаламтор желісіне қосылған компьютерлермен жұмыс жасай отыра, электронды оқулықтарды пайдаланып, қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндіктері бар. Кітапхана қоры республикалық,жергілікті баспалардың, кітап-сауда орталықтарынан мемлекеттік сатып алу негізінде толықтырылады. Кітапхана қорының сапалы және толық жабдықталуына қатысты, әсіресе әрбір мамандықтар үшін мемлекеттік тілдегі кітаптарға, оқулықтарға аса зор көңіл бөлінеді. Колледж оқытушыларының пәндер бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтардың оқу құралдарын құрастырған кітаптарымен студенттер білім алуда. Кітапхана қорының жалпы көлемі - 74853 басылым бірлік.
Оның ішінде мемлекеттік тілде – 11304.Оқу, оқу әдістемелік әдебиеттер 64972 даны қүрайды . «Кітапхана ісі» электронды кітапхана бағдарламасы бойынша жаңа түскен оқу әдебиеттері тіркеліп, электронды каталог түзіледі. Қорды жаңа оқулықтармен толықтыру жұмыстары жыл сайын жүргізіліп тұрады. Колледж кітапханасы – басты ақпарат көздері болып табылатын мерзімді басылымдар, баспасөз материалдарына жазылу жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы жобасы аясында кітапханада жоспар бойынша әртүрлі іс-шараларды өткізілуде. Колледждің кітапханасында өткізілетін барлық іс-шаралар құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарымен реттеледі.
Бермукашева С.Е.