ҚР оқу ағарту министрлігінің бекіткен ережесіне сәйкес Құлан агротехникалық жоғары колледжі базасында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы болды. 26-27 қазан аралығында өткен конкурсқа еліміздің 13 өңірінің 20 колледжінен ветеринария және агрономия мамандықтары бойынша 24 педагог қатысты.
Республикадағы ауыл шаруашылығы секторын дамыту жағдайында ауыл шаруашылығы саласындағы ТжКОБ ұйымдарының талантты педагогтарын айқындау мақсатын көздейтін конкурс барысында қатысушы педагогтар 6 модульді қамтитын теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады. Конкурс нәтижесінде Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе аграрлық техникалық колледжінің «Агрономия» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы Гульнар Жалгасовна Ещанова бас жүлдені жеңіп алып, колледжіміздің де, облысымыздың да мәртебесін көтерді. Аталған конкурста «Ветеринария» құзіреттілігі бойынша кәсіби біліктілігін сынаған әріптесіміз Дәурен Сұлтанғалиұлы Қуанов конкурс алғысхатымен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!