• Басты бет
  • /
  • «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне арналған эссе байқауы.
«Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне арналған эссе байқауы.

Ағымдағы жылдың желтоқсанның 7-і жұлдызы күні «Атамекен» студенттік отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігі «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні тақырыбында студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған эссе байқауының марапаттауы болып өтті.

Эссе байқауының мақсаты: Студенттердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру.

Байқауға колледжімізден ұсынылған жұмыстар ішінен 101ЖО тобы білім алушысы Доспанова Айдана 1-орын, 102 Тех тобы білім алушысы Есетов Айдар Хан Берикович 2-орынды иеленді. Ал, 301 Тех тобы білім алушысы Тлекешова Рабиға Әлімбайқызы номинация иегерлері атанды.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!