• Басты бет
  • /
  • «FUTURE masters-2023» атты облыстық кәсіби байқауы.
«FUTURE masters-2023» атты облыстық кәсіби байқауы.

Автор: Изтаева Г.

Қарашаның 17-жұлдызында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «FUTURE masters-2023» атты облыстық кәсіби байқауы болып өтті.

«FUTURE masters-2023» атты облыстық кәсіби байқауына колледжімізден арнайы пән оқытушылары А.С. Бияшова мен Л.Махамбетовалардың жетекшілігімен «Тағам өндірісінің технологиясы» мамандығының 2-3 курс студенттерінен екі топ қатысып өз бақтарын сынады. Байқау үш кезеңнен тұрды: 1. Таныстыру; 2. Теориялық; 3.Тәжірибелік кезеңдер.

Теориялық кезеңде студенттердің білімі таразыланса, ал тәжірибелік кезеңде «Көкөністер композициясы» және «Сүт коктейлін жасау» бойынша тапсырмалар берілді.

Сайыс нәтижесінде «Golden Food» тобы 3-орынды, ал «Қыран» тобы 2- орынды иеленді. Жеңімпаз топтарды құттықтаймыз!