- Басты бет
- /
- Ешбаева Бибигул Сарсенгалиевна / Техникалық бөлім жетекшісі

Мамандықтар
1510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»,
Біліктілігі 1514004 3 «техник механик»
Қазақстан – агроиндустриялық ел және ауыл шаруашылығы халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру саласы болып табылады. Ол Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі әрдайым қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығының айқындаушы факторы болып табылады және одан әрі жалғасуда. Механикаландырылған ауыл шаруашылығы – бұл ауыл шаруашылығы жұмысын механикаландыру үшін ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану процесі. Бұл салада мамандар даярлау біздің экономикамыз үшін өте маңызды.
Техник мамандар бүгінгі таңда сұранысқа ие. Бұл біліктілігі бар түлектерді диплом алғанша жұмыс өзі-ақ тауып алады. Бұл – әмбебап мамандар. Техник-механик трактор бригадасының механигі, бригадирі, автогараж меңгерушісі, шеберхана меңгерушісі, басқа да техникалық лауазымдарды атқаруға құқылы.
Ол ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарымен айналысады. Күнделікті жұмыс тапсырмаларын береді, оларды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді (отын, қосалқы бөлшектер және т.б.) егіс немесе жинау кезеңінде жұмыстарды жоспарлауға қатысады. Механизаторларды желіге шығару кезінде медициналық бақылаушымен өзара бірлесе отырып жұмыс атқарады. Жұмыстарды орындау кестесін жоспарлайды, бақылауды жүзеге асырады.
Осы мамандық бойынша кадрлар даярлау 1977 жылдан бастап жүзеге асырылады.
07130200 «Электрмен қамтамассыз ету»
Біліктілігі 4S07130202 «техник – электрик»
«Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы электр жабдықтарын жөндеу, қызмет көрсету және орнату саласында кең профильді мамандарды дайындайды.
Бұл мамандық әлемдегі ең қажетті мамандықтардың қатарына енеді және өте танымал болып табылады. Осы саладағы мамандар өздерінің дайындығына сәйкес кәсіби қызметтің мынадай түрлерін орындай алады: тұрмыстық және өнеркәсіптік электр жабдықтарын жөндеу бойынша жұмыстарды орындау, техникалық тұрғыда дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету, жарамды жағдайда ұстау, техникалық қызмет көрсету, уақтылы жөндеу, қызмет көрсетілетін электр қондырғылары мен электр жабдықтарының ақаусыз және сенімді жұмыс істеуі, желілерді монтаждау және тағы басқалар.
Осы бағыттағы жұмыс көп еңбекті талап ететін жұмысты істей алатындар мен орындай алатындарға, есте сақтау қабілеті жақсы, зейінділігі жоғары және жұмысқа барынша көңіл бөле алатындарға арналған.
Сондай-ақ осы саланың маманы еңбекті қорғау жөніндегі барлық нұсқауларды нақты орындауы және өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтауы тиіс.
«Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бірнеше бағыт бойынша кәсіби мамандарды дайындайды:
- электр монтаждаушы (салалар бойынша);
- техник-электрик.
Осы бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтағаннан кейін университетте оқуын жалғастыруға болады.
1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»
Біліктілігі 1201123 техник-механик
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» білім беру бағдарламасының мақсаты автомобиль көлігін пайдалану саласында кең бейінді жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.
Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану жөніндегі техниктер өз дайындығына сәйкес өндірістің бастапқы буындарын басқару, техникалық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласындағы күрделі техникалық жүйелерді пайдалану, автомобиль көлігіне тікелей қызмет көрсету және оларды жөндеу, оны жүргізу, өндіріс сапасын бақылау сияқты кәсіби қызмет түрлерін орындай алады.
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бірнеше бағытта көлік саласындағы кәсіби мамандарды дайындайды:
автомобиль көлігін жөндеу шебері;
автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь;
техник-механик;
автомобильді электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик.
Осы бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтағаннан кейін университетте оқуын жалғастыруға болады.