• Басты бет
  • /
  • «Еңбек мобильдігі» орталығы КММ мамандарымен кездесу
«Еңбек мобильдігі» орталығы КММ мамандарымен кездесу

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында оқу-өндірістік бөлімінің жоспарына сәйкес биылғы бітіруші колледж түлектері Ақтөбе облысы «Еңбек мобильдігі» орталығы КММ мамандары Амангелді Ақниет пен Ыбраш Айсұлтанмен кездесті. Кездесу барысында қатысушыларға орталықтың «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалары туралы таныстырылып, түлектерге табысты жұмысқа орналасуға көмектесетін құнды мағлұмат берілді. Кездесу соңында түлектер толғандырып жүрген сұрақтарына мамандардан толық жауап алды.