ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленген. Оның негізгі мақсаттары – өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару болып табылады.
Осы Еңбек күніне орай, 14 қыркүйек күні колледжімізге «Ветеринария» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесуге "Ақтөбе фермерлік орталығы қауымдастығы" жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірлестігі төрағасы Баймагамбетов Марлен Бағланұлы мен «Бағыт» шаруа қожалығының басшысы Қарақов Мейіржан Бақбергенұлы келді. Шара аясында қонақтар көп жылдық еңбектерінің арқасында жеткен жетістіктерімен бөлісіп, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында «Ақтөбе фермерлік орталығы қауымдастығы" жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірлестігі төрағасы Баймагамбетов Марлен Бағланұлы шаруа қожалықтары атынан колледжге тәжірибелік сабақтарда қолдану үшін 5 қойтартуетті.