• Басты бет
  • /
  • Демоемтихан - жоғары білікті мамандарды даярлау тиімділігінің негізгі көрсеткіші. 
Демоемтихан - жоғары білікті мамандарды даярлау тиімділігінің негізгі көрсеткіші. 

Маусымның 20-21 күні 1511000 «Жерге орналастыру» мамандығы «Техник» біліктілігі бойынша демонстрациялық емтихан өтті.

Студенттер демонстрациялық емтихан барысында өздерінің алған білімдерін 3 модуль бойынша саралады. Модуль А. Жерге орналастырудың жобалық құжаттамасын әзірлеу. Жеке тұлғаның өтініші, өтініш негізіндегі әкімшіліктің қаулысы мен далалық-геодезиялық құжаттар бойынша тұрғын үй құрылысына және бау-бақша учаскесінде бағбандық үшін жерге орналастыру жобасының құжаттамаларымен жұмыс жасау реттілігі арқылы бағаланды.

Модуль В. Далалық геодезиялық жұмыстарды жүргізу. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, геодезиялық аспапты жұмыс жағдайын келтіру және нивелирлік рейкамен жер бетінің салыстырмалы биіктігін анықтау арқылы колледж түлегінің біліктілігі бағаланды.

Модуль С. Картографиялық бейнелеу элементтері мен сызу жұмыстарын ресімдеу. Картаны сызу реттілігі мен сызу аспаптарын пайдалану ережелерін сақтау және картографиялық бейнелеу элементтерін дұрыс пайдалануы бағаланды.

Модульдер аяқталғаннан кейін сараптама жұмыстарын жүргізу комиссия мүшелері тапсырмалардың дұрыс орындалуын, жұмыстың технологиялық тәсілдерін, орындалу уақытын, қауіпсіздік техникасы қағидаларын бақылай отырып бағалады.