"Білікті маман - өмір талабы"

03-07 сәуір аралығында технологиялық, экономикалық және стандарттау пәндерінің ЦӘБ-нің "Білікті маман- өмір талабы" атты апталығы болып өтті. Апталықтың мақсаты: Кәсіптік және техникалық білім беруде арнайы пәндерді оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, білім сапасын арттыру жолындағы іс-тәжірибемен бөлісу.

Ағымдағы жылдың 3-ші сәуір күні технологиялық, экономикалық және стандарттау пәндерінің циклдық әдістемелік бірлестігінің “Білікті маман - өмір талабы” атты апталығы бірлестік құрамындағы мамандықтар көрмесімен ашылымен басталды.

Мақсаты:
• білім алушылардың өз қалаулары бойынша таңдаған мамандықтарына сүйіспеншіліктерін арттыру;
• алға мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру;
• тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу

4 - сәуір күні арнайы пәндер оқытушысы Шакарбекова Ж.С 201-СТ тобында “Арнайы мақсаттағы өлшеу құралдары” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Білім алушыларға өнімдердің дәлдік параметрлерін өлшеу және бақылау әдістері мен құралдарын оңтайлы таңдау, өнімді өндірудің бүкіл циклінде маңыздылығын ұғындыру арқылы сабақтың маңыздылығы артты.

Ашық сабақпен қоса күні арнайы пәндер оқытушылары Капсамиева К.Н, Ерниязова Ж.А және Үкібаева С.А 201-СТ, 301-АГР, 101-ВЕТ, 211-ЖО топтарының білім алушылары арасында “Мен болашақ кәсіпкермен”тақырыбында бизнес жобалар презентациясын өткізді. Шараның мақсаты: Бизнес-жобаны - кәсіпкерлік қызметке берілетін шынайы баға және нарық қажеттіліктерімен қалыптасқан жағдайға сәйкес жобалық-инновациялық шешімдерінің қажетті құралы болғандықтан, оның мәнін білім алушылар ғылыми тұрғыдан түсініп,