Бесінші тур: Анкара-Дели бағыты

V тур. Анкара-Дели✈

Ағымдағы жылдың 24-ші қараша күні Технологиялық және экономикалық пәндерінің циклдық әдістемелік бірлестігінің “Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт” тақырыбындағы онкүндігі аясында Анкара-Дели бағытындағы Берсиев әуелайнері Дели қаласына келіп қонды.

Турдың мақсаты: Білім алушыларды өзге ұлттың мәдениетін құрметтей білуге тәрбиелеу, татулық пен ынтымақтастыққа баулу, салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдарымен таныстыру, тағамдарды жасалу ерекшеліктерін меңгерту.