• Басты бет
  • /
  • Ауылшаруашылық машиналар зертханасы
Ауылшаруашылық машиналар зертханасы

«Жас маман» жобасы

2019 жылғы 23 қаңтарда Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 2017-2021 жылдарға «Еңбек» » өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыҚР Үкіметінің қаулысына сай жас маман» жобасының операторы болып «Кәсіпқор «Холдингі»КЕАҚ белгіленді.

«Жас маман» жобасының мақсаты 100 сұранысқа ие колледж бен 20 ЖОО-ны жаңғырту болып табылады және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу.

Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:

өңірлер бойынша сұранысқа ие 100 индустриялық және сервистік мамандықты анықтау;

іріктелген мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын колледждер мен жоғары оқу орындарын іріктеу;

сатып алынатын жабдықтардың тізбесін қалыптастыру;

білім беру процесін жаңғырту үшін шетелдік серіктестерді тарту — оқытушыларды және өндірістік оқыту шеберлерін оқытуға, сондай-ақ мәлімделген кәсіп бойынша халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламасын жасауға жәрдемдесу үшін;

колледждерге қосымша қаржыландыру шартымен жабдықтарды сатып алу (кемінде 5% жергілікті бюджет есебінен). лизинг тетігі арқылы және/немесе жоо-лардың өз қаражаты есебінен ЖОО-лар үшін жабдықтар сатып алу.

«Жас маман» жобасын іске асыру қорытындысы бойынша оқу ұйымдары заманауи жабдықтармен жарақтандырылатын болады, республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті, мәлімделген мамандық бойынша өз өңірі үшін құзыреттілік орталықтарына айналады, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлауды жүргізеді.