• Басты бет
  • /
  • “Әлеуметтік серіктестік-сапалы маман даярлаудың қозғаушы күші”
“Әлеуметтік серіктестік-сапалы маман даярлаудың қозғаушы күші”

Ағымдағы жылдың 23-ші қараша күні Технологиялық және экономикалық пәндерінің циклдық әдістемелік бірлестігінің “Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт” тақырыбындағы онкүндігі аясында арнайы пәндер оқытушылары Үкібаева С.А және Қансұлтан А.Т ұйымдастыруымен “Әлеуметтік серіктестік-сапалы маман даярлаудың қозғаушы күші” атты әлеуметтік серіктестермен кездесу өтті.

Мақсаты: бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мен білім сапасын арттыруда тәжірибелік қатынастарды нығайту, іс-тәжірибелерді ортаға салу, өзара пікір алмасу, озық тәжірибелерді насихаттау.

Кездесуге қатысқан “АкТеп” жоба жетекшісі Медеров Д.Ж, “Батырбек” ЖШС басшысы Байменше Б.М, “Жездібай” ШҚ басшысы Баймурзин Т.М, “Байсал” ШҚ басшысы Даутов Е.Н.