Әлеуметтік серіктеспен кездесу

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегіндедиректордың ОӨЖ орынбасары Ж. Н.Баймукашева, әдіскер А.О. Аманбаев және арнайы пәндер оқытушысы А.Е. Есиркепов әлеуметтік серіктес "Степное" ЖШС-де болып, шаруашылықтың бас директоры Аманғос Сансызбайұлы Тулеуовпен кездесті. "Степное" ЖШС біздің облыстағы мал және өсімдік шаруашылығымен айналысатын ірі шаруашылықтардың бірі болып табылады. Кездесу барысында өзара ынтымақтастық туралы келісім, ауылшаруашылығы үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру көзделіп, кәсіпорынның колледжді қамқорлығына алу туралы Меморандум жасалды. Аманғос Сансызбайұлы аграрлық салада кадрлар даярлаудың және еліміз үшін азық-түлік бағдарламасының маңыздылығын атап өтіп, колледжбен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасауға дайын екенін білдірді.