2023 жылдың қазан айының 3-4 күндері елімізде Жамбыл облысы, Мерке ауданында колледж студенттері арасында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисті» біліктілігі бойынша «AgroSkills» халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Байқауға еліміздің бес облысынан және Өзбекістан, Қырғызстаннан келген студенттер өз кәсіби шеберлігін дәлелдеуге тырысты. Байқау бес модульден тұратын болды, ол:
1. «Jon Deere астық жинайтын комбайнымен жұмыс жасау»;
2. Табиғи және екпе шөптерді баулауға арналған «Sipma» прессін жұмысқа дайындау;
3. МТЗ -82 тракторымен «Sipma» шөп баулағышты тасымалдаушы күйге қойып, артқы беріліспен қақпаға айдап кіргізу;
4. ПОН -4-40 аспалы соқасын Беларусь 1221 тракторына агрегаттап, реттеу жұмыстарын жіргізу;
5. Беларусь 1221 тракторына агрегатталған ПОН -4-40 соқасымен жер жырту.
Ақтөбе облысынан халықаралық байқауға «Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық техникалық колледжінің» төртінші курс студенті Тынымжан Әлихан қатысып, жүлделі үшінші орынға ие болды.
Осы байқауға баланы дайындаған оқытушысы Тәжібай Аслан Алпамысұлы және өндірістік оқыту шебері Ермоленко Виктор Петрович ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсанында жақсы нәтижемен Ақтөбеге оралды.