• Басты бет
  • /
  • "АГРО-ИННОВАЦИЯ" құзыреттілік орталығының ашылуы
"АГРО-ИННОВАЦИЯ" құзыреттілік орталығының ашылуы

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінде «Агро-инновация» құзыреттілік орталығы ашылды. Аталған шараға колледжіміздің әлеуметтік серіктестіктері қатысты. Құзыреттілік орталығының мақсаты: - өндіріс пен білім беруді интеграциялау арқылы таңдалған бейін бойынша мамандарды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету.

Құзыреттілік орталығының міндеттері:

- мамандық бейіні бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сертификаттау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;

- WorldSkills чемпионаттарына, басқа да кәсіби шеберлік конкурстарына қатысушыларды даярлау;

- білім алушылардың мамандығы бойынша оқу-өндірістік практикадан өтуі кезінде өндірістік оқыту сабақтарын өткізу;

- демонстрациялық емтихандар өткізу;

- өндірістік және/немесе білім беру сипатындағы бейіндік жұмыстарды орындау бойынша қызметтер көрсету.